Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасы бүгін Норвегияда бастау алған жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жарыста ел намысын бес спортшымыз қорғайды: Айша Ракишева, Камила Махмұтова, Святослав Матасов, Мария Люфт пен Тамерлан Төлегенов.
Айта кетейік, турнир 27 ақпанға дейін жалғасады.