Ербол Хамитов Швецияда парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

©csp-parasport.kz

Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғы жарысы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы csp-parasport.kz сайтында хабарланды. 

Ербол ерлер арасындағы спринтті 2:44,23 уақытымен өтіп, бірінші болды. Екінші орында украиналық Тарас Рад, үшінші бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра.

Ербол мұның алдында әлем чемпионатының қоласын иеленген болатын.

Парашаңғы жарысы бойынша ӘЧ Эстерсунд (Швеция) қаласында өтіп жатыр. 29 қаңтарда аяқталатын жарысқа әлемнің 18 елінен 102 спортшы қатысуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар