Лыжный спорт
25 желтоқсан 2020 13:11

"Далбаса". Ресейлік басылым шаңғыдан Қазақстан Кубогын мазақ етті

Спорт туралы жазатын Eurosport сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогі кезеңіндегі спринтерлік жарысты "далбаса" деп сипаттады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың оғаш құлауы басылым тілшілеріне күлкілі көрінген. 

"Шаңғы жарысынан Қазақстан Кубогында (иә, мұндай да бар екен) бұрын-соңды болмаған сандырақ өтті. Ерлер жарыс жолына шыға салысымен адам сенгісіз жағдайлар басталды. Шаңғышылардың бірі орман ішінде құласа, үш спортшы жоғары шыға бергенде тағы бірі қарсыластың шаңғысына ілініп қалды. Мәреге жетер тұста да бірдеңе болған сияқты", - делінген мақалада.

Басылым Қазақстандағы бұл жарыстың күлкілігінен Бруксвалларн-2019 жарысындағы швед қыздардың жаппай құлауы ғана асып түсетінін атап өтті.

 

Спринтте Әлем Кубогі қатысушысы, әлем чемпионаттары мен Олимпиада қатысушысы Евгений Величко жеңімпаз атанды.