Лыжный спорт
8 қаңтар 2020 14:35

Алексей Полторанин ресми түрде шаңғы спортынан шеттелді

2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттілді, - деп хабарлайды Халықаралық шаңғы спорты федерациясының сайты.


Полтораниннен бөлек, эстониялық шаңғышылар Андреас Веэрпалу мен Карел Таммъярв, сондай-ақ көмекші қызметкер эстониялық Мати Алавер де төрт жылға жазаланды.

Спорттан шеттету туралы ресми шешім 2020 жылы 2 қаңтарда қабылданған. Шаңғышылар FIS допингке қарсы ережесінің "Тыйым салынған затты немесе тәсілді (қан допингі) пайдалану" және "Қатысу" баптары бойынша жазаланды.

21 күннің ішінде спортшылар Спорттық арбитраж сотына апелляция бере алады.

Еске салайық, былтыр ақпанда Германия мен Австрияның тергеу органдары австриялық Зеефельдте шаңғы спортынан әлем чемпионаты кезінде допингке қарсы рейд жүргізіп, бірнеше спортшыны ұстаған. Олардың қатарында Полторанин де болған. Австриялық БАҚ-тың мәліметінше, ұсталған шаңғышылар қан допингін қолданғандарын мойындаған.