Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға берілген квоталардың ресми тізімін жариялады.
FIS күнтізбесіне енген ресми жарыстарда рейтингтік ұпайлар сарапқа салынған іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары төмендегі шаңғы спорты түрлерінен олимпиадалық жолдамаларға ие болды:
- Шаңғы жарысы - 3 ер адам, 4 әйел;
- Тау шаңғысы - 1 ер адам, 1 әйел;
- Шаңғымен тұғырдан секіру - 2 ер адам;
- Фристайл-могул - 1 ер адам, 3 әйел;
- Фристайл-акробатика - 4 ер адам, 1 әйел;
Шаңғы қоссайысы - 1 ер адам.
Айта кетейік, берілген квоталар атаулы емес. Қазақстан құрамасының нақты құрамы бапкерлер штабының шешімімен анықталады.
Белгіленген мерзімде Қазақстанның Ұлттық шаңғы спорты қауымдастығы бөлінген квоталар көлемінде спортшылардың қатысуын растауы, сондай-ақ жарыс түрлері мен қашықтықтар көрсетілген атаулы тізімді жолдауы тиіс.
Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті құраманың өтінімін FIS пен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне жіберіп, алдымен қатысушылардың сандық, кейіннен атаулы құрамын ресми түрде бекітеді.