Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінде жүлделі орыннан көрінді

©видео кадры

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі. 

Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов және Мерсаид Жақсыбаевтан құралған команда 5 000 метрлік эстафета жарысында үшінші нәтиже көрсетті. 

Эстафеталық жарыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орыннан Канада шорт-трекшілері көрінді.

Бұл жаңа қысқы маусымдағы Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар