Шорт-трек
7 қазан 16:08

Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеуіне қатысатын Қазақстанның құрамы

©ҚР ҰОК

9-12 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді.

Аталған жарыста 11 спортшы ел намысын қорғайды.

Құрама сапында: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек бар.

Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өтеді. Олардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталары бөлінеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport