Олимпиада жүлдегері ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды

Лара ван Рейвен. Сурет: globallookpress.com
Шорт-тректен 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері нидерландылық Лара ван Рейвен реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр, деп хабарлайды AD. 

Өткен аптаның соңында ван Рейвен жаттығу кезінде өзін жайсыз сезінген. Содан кейін 27 жастағы спортшы Перпиньян (Франция) қаласындағы емханалардың біріне жеткізілген. 

Дереккөз мәліметі бойынша, спортшының иығына жасаған операциядан кейін иммундық жүйесі бұзылған. Бірақ отабасының сұрауы бойынша, спортшының денсаулығына байланысты толық ақпарат айтылып жатқан жоқ. 

Нидерланды құрамасының бас бапкері Йерун Оттер айтуы бойынша, ван Рейвен ауыр жағдайда жатыр екен. 

Айта кетейік, спортшының еншісінде Олимпиада ойындарының қола жүлдесінен бөлек, әлем біріншілігінің алтын және күмісі бар. Сонымен қатар ол Еуропа біріншілігінен бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алған. 



Метки:
Жаңалықтар