Дереккөз мәліметі бойынша, спортшының иығына жасаған операциядан кейін иммундық жүйесі бұзылған. Бірақ отабасының сұрауы бойынша, спортшының денсаулығына байланысты толық ақпарат айтылып жатқан жоқ.
Нидерланды құрамасының бас бапкері Йерун Оттер айтуы бойынша, ван Рейвен ауыр жағдайда жатыр екен.
Айта кетейік, спортшының еншісінде Олимпиада ойындарының қола жүлдесінен бөлек, әлем біріншілігінің алтын және күмісі бар. Сонымен қатар ол Еуропа біріншілігінен бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алған.