Қазақстандық спортшы шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық спортшы Әділ Ғалиахметов Бейжіңде шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 1500 метрге жарыста сынға түскен отандасымыз аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен. 

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар