auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында күміс медаль еншіледі

Олимпиада чемпионы қытайлық У Дазцинді ғана алға жіберіп алды.

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында күміс медаль еншіледі
ҚР ҰОК
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев Канаданың Калгари қаласында өткен әлем кубогының бірінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.

500 метрлік сайыста Абзал екінші нәтиже көрсетті. Аталған қашықтықты 40, 136 секундта конькимен жүгіріп өтті. Олимпиада чемпионы қытайлық У Дазцинді ғана алға жіберіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 39,915 секунд болды. Үздік үштікті мажар елінің спортшысы Шандор Лю түйіндеді.

Абзал Әжғалиев күміс жүлдегер атанып қана қоймай, 500 метрде қазақстандық спортшылар арасында рекорд та жасады.

- Жаңа маусым сәтті басталды. Бірінші күні жартылай финалға дейін жеткеніммен, жүлде бұйырмады. Жарыстың соңғы күні финалға дейін жетіп, күміс еншіледім. Финалда үш Олимпиада чемпионымен бірге жарыстым. Маусым енді ғана басталды. Жарқын жеңістерімізбен әлі талай қуантамыз деп сенемін, - деді Абзал Әжғалиев.

26 жастағы қазақстандық шорт-трекші 2014 және 2018 жылдары өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрлік жарыста алтын алған.

1000 метрлік қашықтықта Еркебұлан Шамұханов финалға шыққан еді. Алайда қорытынды жарыс кезінде отандасымыз 5-орынға ие болды.

Әлем кубогы бес кезеңнен тұрады. Екінші кезең 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ), ал үшінші кезең 7-9 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу