Денис Никиша әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

©olympic

Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтық бойынша финал аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетерлігі, бұл Денис Никишаның биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар