Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) бекіткен ресми күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионатын қабылдайды.
Әлем кубогының үшінші кезеңі 22–24 қаңтар аралығына жоспарланған. Ал әлем чемпионаты 28–31 қаңтар күндері өтеді.
Айта кетейік, 2025 жылы Астана жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін де жоғары деңгейде ұйымдастырған болатын.
Бұған дейін ISU елордада мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Аталған бәсеке 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында өтеді.
Жарнама