Шорт-трек
Бүгін 16:26

Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын жас шорт-трекшілер тізімі шықты

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы 6-8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды.

Алдағы жарысқа қатысатын ұлттық құрама сапына он спортшы кірді.

Қыздар:

- Даяна Айтыбек

- Нұрия Алпысбай

- Алина Лишенко

- Раяна Манарбекова

- Меруерт Сансызбаева

Ұлдар:


- Әліби Әлімгереев

- Жанарыс Мағжан

- Максим Саенко

- Жандос Серекпаев

- Мейіржан Төлеген

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport