Нысана көздеу
Бүгін 17:51

Нысана көздеуден әлем чемпионаты финалына өткен қазақстандық жетінші болды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Ле Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеу сайысында жүлдеге таласты.

Финал қорытындысы бойынша Александра Ле жетінші орын алды.

Бұл сында сербиялық Александра Стоядинович жеңімпаз атанды. Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Сехи О иеленсе, жапониялық Мисаки Нобата үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, жүлдегерлер өз құрамасына Олимпиада ойындарының жолдамасын да алып берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport