Қазақстандық спортшы нысана көздеуден әлем кубогінің жүлдегері атанды

© olympic.kz

Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр. 

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша ол 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды. 

Айта кетерлігі, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
26 желтоқсан 2022, 15:29
Нысана көздеу
Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия Кубогін жеңді