Нысана көздеу
Бүгін 19:39

Қазақстандық мерген әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының мергені Ирина Юнусметова Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жарыс қорытындысы бойынша Юнусметова 537 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севваль Илайда Тархан алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 542 ұпай еншілеген Армения спортшысы Эльмира Карапетянға бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport