Нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.
Жарнама