Қазақстан нысана көздеуде 36 медальмен Азия елдері арасында көш бастады

© olympic.kz

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші  Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық мергендер 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. 

Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. 

Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты. Командалар арасынан Кувейт құрамасы ғана жүлдесіз қалды. 

Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгунның айтуынша, бұл отандық мергендер үшін ең жоғарғы көрсеткіш. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар
26 желтоқсан 2022, 15:29
Нысана көздеу
Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия Кубогін жеңді