Нысана көздеу
Кеше 11:39

Қазақстан мергендері Азия чемпионатында екі жүлде жеңіп алды

©Спорты дамыту дирекциясы

Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды.

Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды. 

Сонымен қатар, отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport