Нысана көздеу
Бүгін 16:22

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

©ISSF

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport