Нысана көздеу
26 желтоқсан 2022 15:29

Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия Кубогін жеңді

©kazsports.kz

Садақ атудан Ильфат Абдуллин Азия Кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ильфат Абдуллин садақ атудан Шарджадағы Азия Кубогінің 3-кезеңінің жекелей сынында жеңімпаз атанды. Отандасымыз бұл спорттың классикалық түрінен финалда бангладештік Мұхаммед Хәкім Ахмет Рубельді 6:4 есебімен жеңді.

Сәл ертеректе 2 жүлдені қоржынға ерлер құрамасы (классикалық түрі) салды. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Санжар Мұсаев триосы қола медаль үшін кездесуде Бангладештен 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медальге ие болған.

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 4-орын алды. Осымен садақ асынған мергендер үшін биылғы маусым аяқталды. Жүлде жеңіп алған спортшыларымыз бен бапкерлер қосынын құттықтаймыз! Жалпы есеп пен нәтижелер мына жерде.

Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

Командалық матчтар: (классикалық садақ ату):

1-орын – Үндістан

2-орын – Оңтүстік Корея

3-орын – ҚР құрамасы (Ильфат Абдуллин, Санжар Мусаев пен Дәулеткелді Жаңбырбай)

Әйелдер құрамасы: ҚР құрамасы – 6-орын

Аралас командалық сын:

ҚР құрамасы – 6-орын

Құралмалы садақтан ерлер құрамасы: ҚР құрамасы – 5 -рын;

Әйелдер арасында:

1-орын – Үндістан

2-орын – Оңтүстік Корея

3-орын – ҚР құрамасы (Виктория Лян, Диана Макарчук пен Роксана Юнусова);

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport