Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия Кубогін жеңді
Садақ атудан Ильфат Абдуллин Азия Кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Садақ атудан Ильфат Абдуллин Азия Кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ильфат Абдуллин садақ атудан Шарджадағы Азия Кубогінің 3-кезеңінің жекелей сынында жеңімпаз атанды. Отандасымыз бұл спорттың классикалық түрінен финалда бангладештік Мұхаммед Хәкім Ахмет Рубельді 6:4 есебімен жеңді.
Сәл ертеректе 2 жүлдені қоржынға ерлер құрамасы (классикалық түрі) салды. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Санжар Мұсаев триосы қола медаль үшін кездесуде Бангладештен 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медальге ие болған.
Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 4-орын алды. Осымен садақ асынған мергендер үшін биылғы маусым аяқталды. Жүлде жеңіп алған спортшыларымыз бен бапкерлер қосынын құттықтаймыз! Жалпы есеп пен нәтижелер мына жерде.
Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі:
Командалық матчтар: (классикалық садақ ату):
1-орын – Үндістан
2-орын – Оңтүстік Корея
3-орын – ҚР құрамасы (Ильфат Абдуллин, Санжар Мусаев пен Дәулеткелді Жаңбырбай)
Әйелдер құрамасы: ҚР құрамасы – 6-орын
Аралас командалық сын:
ҚР құрамасы – 6-орын
Құралмалы садақтан ерлер құрамасы: ҚР құрамасы – 5 -рын;
Әйелдер арасында:
1-орын – Үндістан
2-орын – Оңтүстік Корея
3-орын – ҚР құрамасы (Виктория Лян, Диана Макарчук пен Роксана Юнусова);
Жарнама