Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындарының кезекті жарыс күні басталды. Қазақстанның қоржынына алтыншы жүлде түсті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұғырдың үшінші сатысына Ислам Сәтбаев пен Александра Ле көтерілді. Олар аралас командалар арасында пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қола жеңіп алды.
Үшінші орын үшін матчте қазақстандық атқыштар Иранды озды.
Осылайша, Қазақстан қоржынында алты жүлде бар (1 күміс және бес қола).