Самбодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында он жүлде жеңіп алды

©Трансляциядан скрин

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Он жүлде жеңіп алған қазақстандық спортшылар командалық есепте төртінші болды. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь.

Алтын әйелдер арасында Гүлдана Әлмұханбетова 54 келі және ерлер арасында Рахат Жананиет 64 келі.

Мади Райхан (98 келі), Ажар Салықова (65) және Ділдәш Күршібаева (72) күміс еншіледі.

Болатбек Райымқұлов (58), Айдын Дартаев (79), Нұркен Домбаев (58), Әділбек Сейісов (64) және Умар Янковскийде (88) қола жүлделер.

Бұл жарысқа әлемнің 51 елі қатысты. Бұл турнир осы спорт түрін Халықаралық олимпиада комитеті мойындағаннан кейін өткен бірінші жарыс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: