Қазақстандық Арайлым Әбенова Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келі салмақтағы финалдық айқаста Арайлым ресейлік Жанар Құсанованы 6:0 есебімен таза жеңді.
Ал ерлер арасында Әлібек Зәкенов (98 келіге дейін) және Талғат Жиентаев (98 келіден аса) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.