Регби
Бүгін 11:52

Қазақстанның бұрымды регбишілері Азия сериясының кезеңінде төртінші болды

©ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы регби-7-ден Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен Азия сериясының кезеңінде төртінші орын алды.

Топтық кезеңде қазақстандық регбишілер Қытай құрамасына 7:31 есебімен есе жіберді. Кейін Шри-Ланка (32:5) мен Өзбекстан (36:0) құрамаларын жеңді.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Таиландтан 10:5 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Алайда бұл кезеңде Жапония құрамасына 5:42 есебімен жол берді.

Қола үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Гонконг құрамасына қарсы ойнап, 5:14 есебімен жеңіліп қалды.

Турнирде Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда жапониялық регбишілер Қытай құрамасын 14:7 есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport