Ескек есу
Бүгін 18:26

Түркістанда ескек есуден Азия чемпионаты өтеді: Қазақстан құрамасының тізімі

©ҚР ҰОК

Байдарка мен каноэде ескек есуден Түркістанда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

3-7 маусым аралығында өтетін сары құрлық додасында өнер көрсететін ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.

Байдаркада ескек есу: Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова.

Каноэде ескек есу: Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искакова.

Айта кетейік, Азия чемпионатында U18 санатындағы спортшылар да бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport