Гребля
13 маусым 2025 20:10

Қазақстан Ресейде өткен халықаралық турнирде үш жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

Спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал дәл осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport