Ескек есу
13 маусым 20:10
 

Қазақстан Ресейде өткен халықаралық турнирде үш жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Ресейде өткен халықаралық турнирде үш жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.

blog.share

Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

Спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал дәл осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!