Жартасқа өрмелеу
26 қыркүйек 14:10

Әмір Маймұратов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

©СДР

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін 15-ші нәтижемен аяқтап, әлем біріншілігінің плей-оффына жолдама алған еді.

1/8 финалда Әмір АҚШ өкілі Самуэль Уотсонмен кездесті. Маймұратов сайыс барысында құлап қалды. Нәтижесінде қарсыласы жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық құзға өрмелеуші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport