Ресей Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізу мәселесін қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz Ресейдің ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің комитетіне сілтеме жасап.
Ұйымның вице-президенті Игорь Павлюктің сөзінше, ойынарды өткізу құқын алар алдында олар бірқатар мәселелерді шешіп алмақ.
"Біздің ел де көшпенділер өркениетінің бір бөлшегі болды және өзіндік дәстүр мен мәдениеті бар. Спорт - ол тек жарыс емес, бұл достық, құрмет пен ниеттестік", - дейді Павлюк.