Жарыс кезінде "қоршауда қалып қалған" Кабирханның жағдайы айтылды

©instagram.com/racingdubai

Қазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевке тиесілі Кабирхан атты жылқының Dubai World Cup жарысынан кейінгі жағдайы белгілі болды.

Бұған дейін Dubai World Cup-тың (БАӘ) бас бәйгесіне қазақстандық чемпион-жылқы қатысқан еді. Кабирхан бәйге аяқталғанға дейін үшінші болып келе жатқан еді, бірақ оның қарсыластары мәреге бірнеше жүз метр қалғанда атты "қоршап" алып, оның бос кеңістікке шығуына мүмкіндік бермеді.

"Бұл видеолар DWC өткен күннің ертеңінде түсірілген. Ең бастысы, Кабирханның дені сау, өзін жақсы сезінедi", - делінген жылқыға арналған аккаунттағы жазбада.

Кабирханды мініп, жарысқа шыққан ирландиялық жокей Патрик Доббс сегізінші болып, иесі 120 мың доллар жеңіп алды. Жарыстың жеңімпазы 6 миллион 960 мың доллар жүлдені иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: