auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

БАҚ Алина Кабаеваның 35 жылда қалай өзгергенін көрсетті

12 мамырда көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Алина Кабаева 35-ке толды.

БАҚ Алина Кабаеваның 35 жылда қалай өзгергенін көрсетті

12 мамырда көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Алина Кабаева 35-ке толды. Осы мерейтойға байланысты Teleprogramma.pro порталы ресейлік спорт жұлдызының осы жылдар аралығында қалай өзгергені туралы фотогалерея жариялады.



Алина Кабаева 1983 жылы 12 мамырда Ташкент қаласында дүниеге келді. Бала кезінен ол гимнастикаға әуес болған. Болашақ чемпионның анасы Любовь Кабаева баскетболдан ел құрамасының мүшесі болған, ал әкесі - Марат Кабаев "Пахтакор" футбол клубы үшін өнер көрсеткен.



Қыздың ата-анасы оған мәнерлеп сырғанауды ұсынған, алайда қыз бала айтқанынан қайтпаған. Үш жасында ол бірінші рет кейін өзінің үйі болып кеткен залға кірген. Алина 12-ге толғанда анасымен бірге Мәскеуге көшіп барған. Сөйтіп, Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген Ирина Винер-Усманова Кабаеваны көріп қалған.



Ирина Винер-Усманова сұхбаттарының бірінде Алинаның осы жетістігіне қол жеткізуге анасы көмектескен, себебі ол әрдайым жанында болып, демеу болған. Басқа қалада спортшы қыз өзін жайсыз сезінген. Қаншалықты қиын болғанына қарамастан ол кілемге жымиып шығатын болған.



Жасөспірім кезінде Алина қатты сезімтал болған. Ол кез келген нәрсеге ашуланып, жылай салатын. Алайда оның көркем гимнастикаға деген махаббаты барлығын жеңіп шықты.



Артық салмақ қосып алмасы үшін ол қатаң диетаға отырды.



15 жасында Кабаева Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Кейіннен ол Еуропаның үш дүркін абсолют чемпионы атанды. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында ол қола медальды иеленді.



2004 жылғы Афинадағы Олимпиада ойындарында гимнастшы қыз көпсайыста алтын медаль иеленді. Бірақ финалда ол Ирина Чащинадан қалып қойып, екінші болды.



Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін, Кабаева үш жылдан соң спорттық мансабын аяқтап, саясатқа кетті. 2005 жылдан бастап екі жыл бойы Алина Кабаева Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының мүшесі болды. Спортшы қайырымдылық, еріктілер санын дамыту және спортшыларды сақтандыру мәселесін көтерді.



2007 жылы ол Мемлекеттік думаның депутаты болды. Алиана Кабаеваға Ресей президенті Владимир Путинмен көңілдес болды деп айтады. Алайжа спортшы қыздың өзі жеке өмірі туралы тіс жарып айтпайды.



2014 жылы ол Олимпиада алауын жағы шарасына қатысты. Сол жылы қыркүйекте ол депутаттықтан кететінін айтты.



Соңғы тоғыз жылда Алина Кабаева қайырымдылықпен айналысып келеді. Ол жыл сайын "Алина" фестивалін өткізеді.



35 жасында Алина Кабаева тек спортта ғана емес саясатта да біраз жетістікке қол жеткізді. "Ресейлік жанкүйерлер оны секс-символ санайды. Өзінің бапкері Ирина Винер-Усмановамен жақсы қарым-қатынаста болып әр түрлі фестивальдер өткізіп тұрады", - делінген мақалада.

Әлеуметтік желілерде бөлісу