Профи-бокс
14 қараша 2017 11:59
 
Залилов Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кешінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Залилов Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кешінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді Сурет боксшының әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды

Екінші жеңіл салммақта жұдырықтасатын қазақстандық Ержан Залилов (8-0-1, 3 КО) 30 желтоқсанда өтетін Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Фируза Шарипова (7-1, 4 КО) өнер көрсетеді, - деп хабарлайды спортшы қыздың баспасөз қызметі.

Залиловтың қарсыласы кім екені әзірге белгісіз, бірақ, жекпе-жек чемпиондық атақ үшін болатыны белгілі. Боксшы соңғы рет 11 қарашада Ригада жұдырықтасып, Джаба Мемишишиді (6-1, 0 КО) нокаутқа түсірген болатын.

24 жастағы қазақстандық Көкшетауда дүниеге келген, қазір Ресейдің Ухта қаласында жаттығады. "Матч ТВ" арнасындағы "Бой в большом городе" реалити-шоуына қатысқаннан кейін оның аты көпшілікке белгілі бола бастады.

Еске салайық, Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кеші 30 желоқсан "Алматы Аренада" өтеді. Оның қарсыласы белгиялық Джемилла Гонтарюк (13-4-1, 2 КО) болады. Жеңімпаз екінші жартылай салмақ дәрежесі бойынша  IBO  чемпионы атағын иеленеді.

Жарнама

Живи спортом!