Профи-бокс
17 тамыз 2017 14:19
 
Заб Джуда спарринг кезінде Мейвезерді нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Заб Джуда спарринг кезінде Мейвезерді нокаутқа түсірді

39 жастағы америкалық боксшы, бүгінде кіші Флойд Мейвезердің спарринг қарсыласы болып жүрген Заб Джуда жаттығу кезінде 12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионын нокаутқа түсірді. 

The Las Vegas Post басылымының тілшісі Марио Сандерс өзінің дерекккөзіне сілтеме жасап хабарлаған материалында кеше екі боксшы жаттығудан кейін спарринг өткізген екен. 4 раундтан тұратын кездесудің екінші раундында Джуда қарсыласын нокаутқа түсіріпті. Бұл нокауттан кейін Мейвезер жекпе-жекті тоқтатқан.

Еске салайық, Джуда мен Мейвезер бұған дейін өзара кездесу өткізген болатын. Нақты айтсақ, 2006 жылдың 8 сәуірінде Лас-Вегаста жолығып, 12 раундтың қорытындысы бойынша кіші Мейвезердің мерейі үстем болған.

Джуда кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2017 жылдың 21 қаңтарында аргентиналық Хорхе Луис Мунгияға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Бұл кездесуден кейін Заб бокстан кететінін хабарлаған болатын. Бірақ маусым айында оның Мейвезердің спарринг қарсыласы болатыны белгілі болып, қайта спортқа оралды.

Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!