Профи-бокс
30 қаңтар 2017 17:33
 
WSB жобасы: "Арландарға" қарсы шығатын ресейлік команданың құрамы өзгерді

  Пікірлер

blog.share

WSB жобасы: "Арландарға" қарсы шығатын ресейлік команданың құрамы өзгерді ©news-sports62.ru/

Бүкіләлемдік бокс сериясы VII маусымының шымылдық ашар кездесуінде қазақстандық "Astana Arlans" командасын қабылдайтын ресейлік "Patriot Boxing Team" командасының қатарында өзгерістер болды. Бұл туралы "Р-Спорт" басылымы хабарлайды. 

Еске сала кетейік, "Patriot Boxing Team" командасының бас бапкері осыдан бір апта бұрын бұл жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімін толық жариялаған еді. Бірақ бүгін бұл тізімде үш өзгеріс енгізіліпті. Нақтырақ айтса, 56 келіге дейінгі салмақта Максим Чернышев орнын  Артем Хотенов, 75 келіде Максим Коптяковтың орнын Раджаб Раджабов, ал 91 келіге дейінгі салмақтағы Сергей Калчугиннің орнын Илья Квасников басыпты. 

Ал 49 келі салмақта бұған дейін тізімге енген Батор Сагалуев, 64 келіде Ратмир Абдурахманов қала береді. 

Еске салайық, "Astana Arlans" пен "Russian Boxing Team" арасында кездесу 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамо" спорт кешенінде өтеді.

Жарнама

Живи спортом!