WBO "Канело" ізбасары Әлімханұлынан неге "қашқанын" түсіндірді

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) "уақытша" чемпиондық жекпе-жекте қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) қарсыласы не үшін өзгеріп кеткенін түсіндірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшының қарсыласы WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болатынын мәлімдеді. 

"2022 жылдың 22 ақпанында Комитет Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлының командасына жекпе-жекті өткізуге келісу үшін он күн берген хат жолдады. Бұл айқаста орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы сарапқа салынуы керек еді. 

WBO Мунгияның командасына жеткілікті уақыт берді. Бірақ ол бұл кездесуге қызығушылық білдірмеді. Сол үшін біз Дэнни Дигнуманың командасымен келіссөз бастадық", - делінген WBO таратқан ақпаратта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар