WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) келесі қарсыласы болады. Бұл кездесуде Бүкіләлемдік бокс ұйымының "уақытша" чемпионы атағы сарапқа салынады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
WBO екі боксшының командаларына келісімге келуге он күн уақыт берген. Бұл уақыт аралығында олар келісе алмаса, жекпе-жекті өткізу құқы саудаға қойылады.
"Екі боксшының командасында келісімге келуге 10 күн уақыт бар. Егер осы уақытта келісімге келмесе, промоутерлік сауда болады. Сауда 200 000 доллардан басталады", - деп жазды WBO.