WBO Әлімханұлы мен Андраде арасындағы айқастың промоутерлік бас саудасын кейінге шегерді

©reviewjournal.com

WBO орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен міндетті қарсылас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы айқастың промоутерлік бас саудасын бір аптаға кейінге шегерді, деп хабарлайды BoxingScene.com порталы. 

Порталдың ақпараты бойынша, екі боксшының командасы бас саудаға жақсылап дайындалып алу үшін қосымша уақыт сұраған. Негізі бұл жекпе-жектің промоутерлік саудасы 14 қаңтар күні Сан-Хуан (Пуэрто-Рико) қаласындағы WBO штаб-пәтерінде өтуі керек еді. 

Айта кетейік, Андраденің командасы Әлімханұлынан бөлек супер орта салмақта бос тұрған WBO белбеуі үшін де айқасты ойластырып жатыр. Қарсылас ағылшындық Зак Паркер болуы ықтимал. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар