Профи-бокс
11 сәуір 2018 09:00
 
WBC, WBA және IBF Головкиннің бірінші жекпе-жегі туралы кеңесіп, бірінші шешімді шығарды

  Пікірлер

blog.share

WBC, WBA және IBF Головкиннің бірінші жекпе-жегі туралы кеңесіп, бірінші шешімді шығарды Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing

Бүкіләлемдік бокс одағы (WBC), Бүкіләлемдік боксшылар ассоциясы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге тиым салды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Иә, Мартиросян Калифорнияда Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деп таныстырылды. Бірақ IBF, WBC және WBA телефон арқылы өткен кеңес барысында оны жекпе-жекке шығарудан бас тартты. 

Мартиросянды Головинге қарсылас ретінде шығару үшін саудаласу керек. Ол Калифорния штатының Атлеттер кеңесінен (CSAC) рұқсат алды. Бұл рұқсатты Гэри О'Салливан да алған. 

Бұл ұйымдардың барлығы Головкиннің мәселесін кешкі конференция кезінде шешеді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты", деп жазады Los Angeles Times тілшісі Ланс Пагмайер твиттер парақшасында. 

Мартиросян өткен жылы даңқты промоутер Дон Кингпен келісімшарт жасаға болатын. Енді промоутер өз боксшысына үлкен жекпе-жек қарастырып жатыр. Ал жекпе-жектің Калифорния штатында өткені Мартиросян үшін өте қолайлы. Өйткені, Оңтүстік Калифорнияда армяндар өте көп шоғырланған.

31 жастағы Мартиросян Арменияда дүниеге келген. Бірақ жеті жасында отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. 2004 жылы ол Афины қаласында өткен Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының намысын қорғаған. Бірақ екінші айналымнан шығып қалды. Кейін бірден кәсіпқой боксқа ауысқан.

Мартиросян бірінші орта салмақта өнер көрсеті. Ол 33 кездесуде жеңіске жеткен. 2012 жылы Мартиросян кубалық Эрисланди Ларамен кездесіп, жекпе-жек тең аяқталған. 2013 жылы ол америкалық Деметриус Андрадеден жеңіліп қалса, 2015 жылы Джермалл Чарлодан айласын асыра алмады. Мартиросян соңғы кездесуін 2016 жылдың 21-мамырында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Ларадан жеңіліп қалған.

Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр.

4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5  мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.

WBC президенті "Канело" және басқа да кленбутерол дәруменімен ұсталған мексикалық боксшылардың жазасы әртүрлі болғанын түсіндірді.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Жарнама

Живи спортом!