WBC ұйымының белбеуін жеңіп алған қазақ боксшысы әлемдік рейтингте 50 саты жоғарылады

Сурет: Данияр Майлыбаев/olympic.kz©

Бірінші орта салмақта WBC International белбеуін жеңіп алған қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Құлахмет Йоркшир (Англия) қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, британдық Маклей Макгоуэнді екінші раундта нокаутпен жеңді. 

Бұл жеңісінен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 152-орыннан, 102-орынға бірақ көтерілді. 

Айта кетейік, бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі болатын. Ол бірінші кездесуін Алматы қаласында өткізіп, Сағадат Рақманқұлдан үстем еді. 

Әуесқой боксшы ретінде Тұрсынбай 2019 жылы Азия ойындарының чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол 2019 жылы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 


 

Метки:
Жаңалықтар