WBC ұйымының белбеуі бар отандасымыздың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов өзінің келесі кездесуін 5-желтоқсан күні өткізеді,- деп хабарлайды BoxRec порталы.
Ол Екатеринбург қаласында RCC Boxing Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын кеште шаршы алаңға шығады. Нұрсұлтановтың қарсыласы ресейлік Илья Баландин (4-3-1, 2 КО) болады. Жекпе-жек орта салмақта, он раундқа жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтановтың шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Ол өзінің соңғы кездесуін 2019 жылы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткізіп, WBC (USNBC) белбеуін жеңіп алған болатын.

Жарнама