Профи-бокс
7 ақпан 2018 15:37
 
WBC тағы Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазына арнайы белбеу дайындайды

  Пікірлер

blog.share

WBC тағы Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазына арнайы белбеу дайындайды ©: ringsidereporter.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазына арнайы белбеу дайындап жатқанын айтты. 

"5 мамыр күні жеңген боксшыға арнайы белбеу дайындап жатырмыз. Белбеу Адольфо Лопеса Матеос (Мексиканың бұрынғы президенті) құрметіне арнап шығарамыз. Өткен жолы бізде "Уичоли" деген керемет белбеу болған еді. Бұл жолы да әдемі белбеу жасаймыз", - деп жазады Сулейманның сөзін BoxingScene.com порталы. 

Өткен жылы WBC 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуге де арнайы белбеу жасаған болатын. Кездесу тең аяқталғанына қарамастан Сулейман бұл белбеуді қазақстандық боксшыға берген еді. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні өтеді. Бірақ жекпе-жектің қайда өтетіні әлі белгісіз болып тұр. Кездесуді қабылдауға Лас-Вегас басты үміткер. Дегенмен Нью-Йорк қаласында кездесуді қабылдауға дайын. 

Жарнама

Живи спортом!