auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WBC президенті "Канелоны" не үшін қорғаштап жүргенін түсіндіріп берді

Осыған дейін WBC мексикалық Сауль Альварестің допинг-дауына қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

WBC президенті  "Канелоны" не үшін қорғаштап жүргенін түсіндіріп берді
©:boxingscene.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін реваншқа екі ай қалғанда допинг-сынағынан кленбутеролдың табылуы әдейі жасалмағанын және бұған расында да мексикалық етті жеудің себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барлығы да "Канелоны" сынға алу мүмкіндігін жіберген жоқ. Оны басқа да әрекеттері үшін сынға алуға болады, бірақ өтірік айтқаны үшін емес. Басқа да сараптамалар жүргізілді, олар теріс нәтиже көрсетті. Мұның барлығы 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке ешқандай қауіптің төнбейтінін көрсетеді. Осыдан да қатаң бақылаулар жүргізіледі.  Сауль Альваресті құрметтеулеріңізді сұраймын. Себебі оны істемеген әрекеті үшін "теуіп тастау" әділетсіз. "Канело" бес жыл бойы VADA аясында көп сынақтан өтті. Ол үнемі таза болып шығатын", - деп келтіреді  Boxingscene.com басылымы Маурисио Сулейманның сөзін.

Сондай-ақ, Маурисио Сулейман кленбутеролдың Мексикада ұлттық проблема екенін айтып өтті. Айтуынша, Мексикада көбі оны жануарларға масса жинау үшін береді екен.

Осыған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің допинг-дауына қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

Кеңес мәлімдемесінде "Канелоның" көп жылдан бері "Таза бокс" бағдарламасында екені және карьерасында допинг-сынақтан талай рет өткені айтылған. Сондай-ақ, мұның бірінші рет кездесіп отырған жағымсыз оқиға екені айтылады. "Оның абсолют сенім вотумы бар. Мексикадағы уланған ет проблемасы жаңалық емес", - делінген еді мәлімдемеде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар