7Ye5FVPEHdTknEtg7uM7ZZCDaRINBOIrXK7OrEdX
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC президенті Головкинге "Канелоның" допингін ұмытуға өтініш жасады

WBC президенті Головкинге "Канелоның" допингін ұмытуға өтініш жасады
boxingscene.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты допинг дауын ұмыту туралы өтініш жасады, деп хабарлайды boxingscene.com порталы. 

Головкин бірнеше ай бойы кленбутерол дәруменімен ұсталып қалған "Канелоның" шамына тиіп жүр. Сулейменнің ойынша, бұл кездесуге негативті жарнама жасамау үшін боксшыларға өткенді ұмытқан дұрыс екен. 

"Менің ойымша "Канелоның" допинг дауына қатысты ісі өткен шақта болған дүние. Тесттер "Канелоның" допингті әдейі қолданбағанын көрсетті. Барлық көрсеткіш дәруменнің оның қанына бұзылған ет арқылы түскенін айқындады. Мен де оны ұмытқан жөн деп санаймын. 

Барлық назар шаршы алаңда болатын дүниеге аударылуы керек. Егер "Канело" жеңетін болса, Головкин оның жеңісін мойындауы керек. "Канело" болса VADA үйымдастырған бағдарламаға да өз еркімен келді. 

"Канело" тәжірибелі боксшы. Ол енді Головкинді жеңе алатынын дәлелдеуі керек. Бірақ Головкин чемпион. Сондықтан бұл жерде Головкин көп нәрсені дәлелдеуі керек", - деді Сулейман. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуі Лас-Вегас (Невада штаты) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Екі боксшыныің командалары екінші кездесуді 5 мамырда өткізу туралы келіссөз өткізген. Алайда "Канело" допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттетілді. Енді олардың екінші кездесуі 15 қыркүйек күні сол Лас-Вегаста өтеді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама