WBC президенті Головкин мен оның міндетті қарсыласы Чарло арасындағы кездесудің мәселесі қашан шешілетінін айтты
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBC белбеуінің міндетті қарсыласы америкалық Джермалл Чарло арасындағы кездесудің мәселесі қашан шешілетінін айтты.
Сулейманның айтуынша, Головкин мен Чарло арасындағы кездесудің қашан өтетінін WBC 4 қараша күні қарастырады.
"Сәрсенбі күні Бүкіләлемдік бокс кеңесінің жиналысы өтеді. Осы жиын кезінде біз екі боксшының командасының ұсыныстарын қарастырамыз. Сосын ашық жиын барысында жекпе-жектің қашан өтетіні туралы шешім қабылдаймыз.
Головкин - "Канеломен" кездесу өткізу үшін қиын жолдарды басып өтті. Ал Альварес болса беделді боксшы. Ол екеуі соңғы жылдардағы ең үздік жекпе-жектің бірін өткізді. Көпшілік бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесуді асыға күтіп жүргені белгілі. Боксшылар да қайта кездесуге ниетті. Біз бұл кездесудің өтуіне кедергі келтірмейміз. Сәрсенбі күні Чарло мен Головкиннің командаларының ұсыныстарын тыңдап, барлығына ыңғайлы шешім қабылдаймыз. ", - деп келтіреді Сулейманның сөзін BoxingScene порталы.

Жарнама