auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC кеңесі Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасаған белбеуді көпшілікке таныстырды

WBC кеңесі Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасаған белбеуді көпшілікке таныстырды
Tom Hogan©/GGG Promotions
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы дайындағы белбеуін көпшілікке таныстырды. 

Белбеуді көпшілікке таныстыру рәсімі WBC штаб-пәтері орналасқан Мехико қаласында өтті. Белбеуді майя тайпасының шеберлері дайындаған. Белбеу WBC кеңесінің негізін қалаушылардың бірі болған, Мексиканың бұрынғы президенті Адольфо Лопес Матеостің құрметіне жасалған. 

"Канело" Ванеспен кездесуден бірнеше рет қашып кетті. Монро Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті

Бұған дейін WBC кеңесі Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу үшін арнайы белбеуін дайындап шығарған еді. Бірақ жекпе-жек өтпейтін болған соң белбеуді Таиландқа жіберді. Енді ол белбеу 2 мамыр күні жеңіл салмақта тай боксшысы Ванхенг Менайотин (49-0, 17 КО) мен панамалық Лерой Эстрада (16-2, 6 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазына беріледі. 

WBC кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесуге де арнайы белбеу дайындаған болатын. Жекпе-жек тең аяқталғанына қарамастан ол кезде белбеу қазақстандық чемпионға берілді.

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрт белбеуінің үшеуін сарапқа салады.










Сурет: twitter.com/hislas9




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама