Профи-бокс
14 ақпан 2018 09:26
 
WBC Қанат Исламды өз рейтингінен "шығарып тастады"

  Пікірлер

blog.share

WBC Қанат Исламды өз рейтингінен "шығарып тастады" © vk.com/kanatislamteam

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кестеде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарының иегері қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін ол өз дивизионында алтынша тұрған, алайда WBC қазақстандықты өз рейтингінен алып тастаған соң ТОП-15 тізімінен шығып қалған.

Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді.

Тараптар келіссөз жүргізген, бірақ АҚШ боксшысының командасы Ислам жекпе-жектен бас тартты деген хабар таратты. Нәтижесінде 24 ақпанда Вера француз Мишель Соромен (31-2-1, 30 КО) кездесетін болды.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Жарнама

Живи спортом!