Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы белбеу жасап шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Авторлар белбеуді жасап шығаруға 300 сағаттай уақыт жұмсаған. Онда Қазақстан мен Мексиканың тулары белгіленген.
Еске салайық, бұл жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Головкин барлық белбеуін ортаға салса, "Канело" The Ring журналының чемпиондық атағын сарапқа салады.
Жарнама